Алқабилер соты

Страницы: <<  <  54 | 55 | 56 | 57 | 58  >  >>

нін байқатты. Айталық, аталмыш заңның 10 бабында алқабиге кандидаттардың тізіміне өзге де көптеген сала қызметкерлері мен бірге мемлекеттік қызметшілердің де енгізілмейтіні көрсетілген. Осы дұрыс емес секілді. Себебі қанша айтқанмен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мол, оның үстіне жан-жақты көзқарақты екені де рас. Сондықтан да біз оларды кандидаттар тізіміне кіргізу керек деп есептеймін. Алқабилер құрамының барынша білімді де білікті, сауатты болғанынан біз ұтпасақ ұтылмаймыз.
Жалпы, атқарушылық билік кандидаттар тізімін дайындауға формальді түрде жалпылама атүсті қарамай, кездейсоқ кісілердің кіріп кетпеуін қатаң қадағалап, осы бір жауапты міндетте аса мұқият болғаны дұрыс болар еді.
«Алқабилер» заңындағы айтарлықтай айтыс тудырып отырған бір жайттың басын ашып алу керек деп ойлаймыз. Ол, айыпталушының өз ісін алқабилер қатысуымен қарау жөніндегі өтінішіне байланысты.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сай алдын ала тергеу аяқталып, айыпталушы істің барлық материалдарымен толық танысқаннан кейін ғана соттың өз ісін алқабилердің қатысуымен қарауы туралы, не өз ісін алқабилердің қатысуымен қарауы құқығын пайдаланудан бас тарту туралы өтінішін береді. Бұдан әрі айыпталушының өз ісін алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініші қабылданбайды.
Айыпталушының істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініші болған кезде судья прокурордың, өтініш білдірген сотталушының және оның қорғаушысының қатысуымен жабық сот отырысында алдын ала тыңдау жүргізеді. Осы алдын ала тыңдау кезінде айыпталушы өз өтінішін растаса, судья оның өтінішін қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдайды. Ал, егер айыпталушы өз өтінішін растамаса, судья, істі қосымша тергеуге қайтару, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, істі соттылығы бойынша жіберу,

Страницы: <<  <  54 | 55 | 56 | 57 | 58  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: