ріс туындап оның аяғы жанжалға ұласады. С. мас күйінде екі досын қолына түскен ауыр темір затпен ұрып өлтіреді. Сот процесінде қылмыскер дау жанжал үстінде өзінің қорғағандығын айтып ақталуға тырысты. Бірақ жан-жақты зерттеу мен тексеру барысында бұл қылмыстың қасақана адам екендігі анықталды. Сөйтіп, қылмыскер С. 15 жылға сотталды. Үкімге аппелияциялық шағым түсіріліп, бұл іс енді жоғарғы сатыда қаралады.
Сот тәжіребесінде алғаш рет алқабилердің қатысуымен мемлекеттік тілде іс қарауға байланысты туындаған едәуір қиындықтардың басын ашып, айтып өткен жөн. Не керек, бүгінгі күні солтүстік өңірде мемлекеттік тілде іс жүргізу лайықты дәрежесіне көтеріле алмай тұр. Істің көбі алғашқы тергеуде орыс тілінде жүргізіледі. Мұның басты себебі біздің әлі мемлекеттік тілге түбегейлі бет бұрмауымыздан. Соның бір шикі нәтижесі қазақ тілінде іс қарау кезінде де анық байқалады. Аудармашылардың көпшілігінің кәсіби деңгейі нашар. Күнделікті жұмысыиызда сүйенетін заңдарымыздың түпнұсқасы орыс тілінде жазылып, одан кейін қазақ тіліне аударылып, заң терминдерінің мән-мағынасының бұрмаланып, сыйқы кетіп жататынын әріптестеріміз талай рет шырылдап жазды. өкінішке орай, әзірге бұл бағытта айтулы өзгерістер байқалмай тұр.
Алқабилер туралы заңның 10 бабында қылмыстық іс бойынша сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдар алқабиге кандидаттардың тізімінен алынып тасталады. Алайда, біздің солтүстік өңір тұрғындарының көпшілігінің қазақ тіліне шорқақтығы салдарынан іс қарауға қатысатын алқабилерді жинақтау қиынға соққаны тағы рас.
Сот реформасы аясындағы ірбір жаңа идеяның бастаушысы да, атқарылып жатқан ауқымды шаралардың ойдағыдай жүзеге асуының қолдаушысы да, сонымен бірге сот саласы жұмысын жіті қадағалап, жетістіктеріне оң бағасын беріп, кемшіліктерін дер кезінде түзетіп отырат
Страницы: << < 52 | 53 | 54 | 55 | 56 > >>