е де ақпараттар беруге тиіс.
Төрағалық етуші алқабиге кандидаттардың ар-намысын мен қадір-қасиетін кемсітетін сұрақтар қоймайды. Алқабиге кандидатты істі қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелерді, сондай-ақ өздігінен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға мәлімделген қарсылық білдірулерді төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетпей жеке-дара шешеді.
Егер сотқа шақырылған алқабиге кандидаттардың жиырма бесінен азы келсе не сот талқылауына қатысудан олардың кейбірлеулерін босатқаннан кейін немесе төрағалық етуші судья өздігінен бас тартулар мен қарсылық білдірулерді қанағаттандырғаннан кейін олар он алтыдан азайып қалса,төрағалық етуші сот отырысының хатшысына алқабиге кандидаттар құрамының жетіспейтін санын қосалқы тізімнен толықтыру туралы өкім етеді. Бұл жағдайда алқабиге қосалқы кандидаттарды шақыру үшін сот отырысында үзіліс жарияланады.
Төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға олардың осы Кодексте белгіленген міндеттерін түсіндіреді,содан кейін алқабиге кандидаттардан алқаби ретінде істі қарауға қатысуда оларға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар-жоғы туралы сұрайды.
Төрағалық етуші:
қылмыс жасады деген кудіктілерді немесе айыптаушыларды;
сотта ілеспе аударма қамтамасыз етілмеген кезде, сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамды;
сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге ұйымдастырушылық не техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде мылқау, саңырау, зағип және мүгедек болып табылатын басқа да адамдарды алқаби міндеттерін атқарудан босатады.
Төрағалық етуші судья алқабилердің ауызша немесе жазбаша өтініші бойынша:
1)алпыс бес жастан асқан адамдарды;
2)үш жасқа толмаған балалары бар әйелдерді;
3)өзінің діни нанымына байланысты сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу өзі үшін мүмкін емес деп есептеген ада
Страницы: << < 37 | 38 | 39 | 40 | 41 > >>