Агрессиялы мінез-құлыққа арналған сабақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

екшеліктері, агрессияның алдын алу тəсілдері.
Субъектің агрессивті мінез-құлқы -- жеке тұлға агрессивтілігінің салыстырмалы түрдегі табанды ерекшелігі ретінде қарастырылады. Агрессивтілік деңгейі әлеуметтендіру процесіндегі оқып-үйретумен қатар, әлеуметтік жауапкершілік нормалары және агрессия актілері үшін жаза қолдану тәрізді аса маңызды мәдени-әлеуметтік нормаларға бағдар тұту ретінде де айқындалады. Бұл жерде жағдаяттық өзгермелілік (айналадағылардың ниет-пиғылдарын өзіндік қабыддау, қайтарма байланыс алу мүмкіндігі, қару-жарақтың арандатушылық ықпалы, т. б. ) маңызды рөл атқарады. . Агрессияның кейбір көрінісі қозғыш психопатия, паранойя, эпилепсия және т. б. тәрізді жеке тұлғаның даму үстіндегі патопсихологиялық белгілері ретінде көрінуі де ықтимал. Агрессив-тіліктін, өзін-өзі бақылауын қалыптастыруда және агрессивті актілерді кідірте тұруда басқа адамды бірегей құндылықтардың иесі деп танып, оны түсінуге тырысу, жаны ашу тәрізді субъект қабілетінің түп негізінде жататын эмпатия, сәйкестендіру және орталықсыздандырудың психологиялық процестерінің маңызы зор.
2. Музыка сүйемелдеуімен еркін тақырыпта сурет салғызу.
3. "Ашулы шарлар" тренингі.
Ортаға төрт оқушыны шақырып, бір-бірден шарларды үрлету. Шарлардың аузын байлауды ұсынамын. Шарлар адамның денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа - адам сезімі екендігін айтып өтемін. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек. Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңдар? Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыңдар? Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті. Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана жарты ауаны шығарайық. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: