Агрессиялы мінез-құлыққа арналған сабақ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді. - Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу - ол әр адамның өз қолында екендігін білуіміз қажет.
4. Агрессияны басу тәсілі.
Оқушыларға түрлі-түсті қарандаштар мен А4 парағын үлестіріп беріп, менің нұсқауым бойынша кезекпен бір-біріне ауыстыра отырып сурет салады.
5. "Қоқыс шелекке хат" жаттығуы.
Нұсқау:
Ақ параққа өздеріңнің іштеріңде болған ашу, ыза, кек, реніштеріңді толығымен ашып жазып шығыңдар. Оған не айтқан болар едің? Жазып болған соң қатты шимайлап шығыңдар, енді ұмаждаңдар, қағазды ұсақ бөлшектерге бөліп, жыртып тастаңдар да мына қоқыс шелекке салыңдар. Балалар сіздердің іштеріңдегі ашу, ыза, кек сезімдерің осы қағаздармен қоса қоқыс шелекке кетті деп есептеңдер.
Релаксация.
Сабақты қорытындылау.




Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: