ғынада алынады, белгілі бір объектіге бағытталады. Əдетте өшпенділік жəне агрессивтілік үйлесімде болады, бірақ адамдар өшпнділік
сипатындағы қарым-қатынаста бола отырып, агрессивтілік көрсетпеуі мүмкін.
Агрессияны анықтаудағы маңызды мəселе бұл осы терминнің əр түрлі əрекеттер мағынасында болуы.
К. Изард бойынша агрессия - қатыгездікке толы әрекет және мінез- құлық. Бұл кей кездері түрлі эмоцияларда көрінуі мүмкін бұрқ етпе әрекет және қатыгездіктің құрам бөлігі. Ол біреуге нұқсан келтіруге, қорқыныш, үрей тудыруға бағытталған .
А. Басс бойынша агрессия- бұл басқа адамдарға нұқсан келтіретін жəне үрей туғызатын кез-келген əрекет.
А. Берковицтің айтуы бойынша агрессия өзіне реніш пен намыстануды да кіргізеді .
Д. Зильманн бойынша агрессия-бұл басқа адамға дене жəне физиологиялық нұқсан келтіру əрекеті.
Л. Блендер агрессияны объектіге жақындау немесе одан алыстау деп түсіндірсе, Ф. Аллан оны сыртқы күштерге төтеп беруге мүмкіндік беретін адамның ішкі күші дейді.
Басқа адамдарды өзіне бағындыруға ұмтылуды немесе басқа объектілерге үстемдік етуді агрессия деп түсінеміз.
Х. Дельгадоның тұжырымдауы бойынша адамдардың агрессиясы- бұл мінез-құлық реакциясы, ол қоғам мен адамға зиян, шығын келтіру жəне күш көрсетумен сипатталады .
Э. Фромм агрессияны адамдарға, топқа, жануарларға жəне барлық тіршілік иелеріне зиян келтіру деп түсіндіреді .
Шетелдік жəне отандық көптеген зерттеушілер агрессия мəселесін əр жақты зерттеп қарастырған, бірақ бір ортақ көзқарасқа келген жоқ. Себебі бұл мəселе өте күрделі жəне жан-жақты. Сондықтан мына аспектілер қарастырылуда: агрессияның туындауына биологиялық жəне əлеуметтік орта əсері, оны меңгеру жəне бекіту механизмдері, агрессивті əрекеттің жекелей жəне жыныстық жас кезеңдік ер
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>