рытындылау
Мұқағали әндерін оқушыларға орындату.
Мысалы:
Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды,
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
VI. Үйге тапсырма
Өлеңдерді жаттау. «Табиғат аясында» сурет салу.
VII. Бағалау
Сабақ 2 сынып: 5 «а» күні:
Сабақтың тақырыбы:С. Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Мақсаты: Сәкен Жүнісов өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
Міндеті:
1. «Ақырғы бәйге» шығармасының мағынасын ашу.
2. Оқушыларға шығарманы талдата отырып өздік жұмыс жасауға үйрету, логикалық ойларын дамыту.
3. Қазақтың біртуар адамдарының өмірін дәріптеу. Салт-дәстүрге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білім беру
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: портрет,кестелер
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын бақылау
II. Үй тапсырма
Үй тапсырмасы тексеріледі, сұрақ-жауап алынады.
М. Мақатаев өлеңдерін жатқа оқыту.
III. Жаңа сабақ
Сәкен Жүнісов 1934 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келді. Белгілі жазушы, драматург. Ол «Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй», «Заманай мен Аманай» шығармаларымен белгілі.
Слаидтан үзінділер.
Бүгін «Ақан сері» романынан үзінді «Ақырғы бәйге» танысамыз.
Сабақ мақсаты айтылады.
Бұл шығармада қазақтың атақты сал-серісі, әншісі,саяткері Ақан Қорамсаұлы туралы айтылады. Ақанның Құлагер атты атының қапада жазым болғандығы туралы айтылады. Сол кездегі Ақанның көңіл-күйі, серігінен айырылғандағы жоқтауы, аяныш сезімі жырланады.
Шығарманы сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу.
Шығарма тарихи оқиғаға құрылған ба?
Құлагерді Күреңбай сыншы қалай сипаттады?
Үзіндіде қандай салт-дәстүр кездеседі?
Ақан Мөңкеге қандай ақыл айтты?
Құлагер қалай жазым болд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>