Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді? - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 251
  • Скачиваний: 8

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктің тіршілік етуі туралы мағлұматтарын арттыру. 1. Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы ұғымдарын пысықтау, тіршілік етуі туралы ұғымдарын кеңейту. 2. Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету.
3. Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту. Өсімдіктерді қорғай білуге баулу.
Түрі: Жарыс сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтау әдісі, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: суреттер, тірек-схемалар, бүктеме, сызбалар.
Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз.
Үй тапсырмасы: «Кім зерек?»
- Алдымен оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ: «Бидай»
Ұраны: «Жарыспа, жарысқан соң қалыспа»
2-топ: «Сәбіз»
Ұраны: «Сәбізді жеп бәріміз, жарысуға әзірміз»
Үй тапсырмасы қалай аталады?
«Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек»
1-топ: Өсімдіктің өсуіне ауа не үшін қажет деп ойлайсыздар?
2-топ: Өсімдікке жылу мен жарықтың қажеттілігін қалай түсінесіздер?
Сергіту сәті
Жел уледі-у-у,
Құйын келіп биледі-зу-зу,
Қатты – қатты жел соқты – гу – гу,
Жапырақтар қол соқты – ду – ду.
Ой қозғау: «Ойлан, тап»
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс
- Алда қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл мерекесі
- Жаңа жыл көркін кім айтады? Шырша
- Ендеше, балалар бізге бүгін шырша қонаққа келіп отыр. Ол өзінің қанша жыл тіршілік ететінін білмейді екен. Біз қонағымызға көмек көрсетуіміз керек.
Жаңа сабақ
«Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?»
- Мұғалім түсіндірмесі:
Өсімдік – тірі ағза. Өсімдіктер:

Ағаш
Шөп
Бұта
- Олар кез келген тіршілік иесі сияқты белгілі бір уақыт мөлшерінде тіршілік етеді. Кейбір өсімдіктер бірнеше ай, енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді.
Өсімдіктер:
Бір жылдық
Көп жылдық
Екі жылдық
Көкөністер:
Ағаштар
Сәбіз
Орамжапырақ
Оқулықпен жұмыс
- Екі топқа бөліп тізбектей оқыту
- Іштей оқу
Сұрақ – жауап әдісі: «Ойланбай жауап бер»
1. Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімін айт
2. Бір жылдық өсімдіктерді атап, мысал келтір –күнбағыс, бұрыш, бидай
3. Екі жылдық өсімдіктерді ата - сәбіз, орамжапырақ,
4. Көп жылдық өсімдіктерге нелер жатады?- бақбақ, итмұрын, үйеңкі
Өз бетіндік жұмыс
Оқушыларға суреттер таратылады. Суреттегі өсімдіктердің тіршілік ету мерзіміне қарай топтастыру.
- Әр топтың оқушылары өздерінің жұмыстарын тақтаға келіп қорғайды.
«Білгенге маржан, білмеске арзан».
Үнтаспадан пияз туралы соңғы жаңалықтарды тыңдау.
Пияз – көп жылдық, шөптекті өсімдік. Ол тікелей тамырынан өсіп шығады. Гүл сабағының іші қуыс, гүлдері майда, ақшыл, шар тәрізденіп сабақтың ұшында шоғырланып тұрады. Иісі өткір, дәмі ащы. Шілде - тамыз айларында гүлдейді. Бұл өте кең тараған бақша өсімдігі. Құрамында азотты заттар, қант, минералды тұздар, С, В дәрумендері бар. Халық медицинасында пиязды тамаққа тәбет ашатын, ішек құрттарын түсіретін, құрқұлаққа қарсы әсер ететін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Пияз асқазан бездерінің жұмысын жақсартады. Жас пияздың сығып алынған сөлін ауыз уылғанда пайдаланады. Сонымен қатар тұмау ауруының бірден-бір емі болып табылады.
Бекіту.
Тақтадағы суреттерді сәйкестендіреді.
Күнбағыс, бұрыш, бидай - бір жылдық өсімдіктер.
Бақбақ, итмұрын, үйеңкі - көп жылдық өсімдіктер.
- Шырша көп жылдық өсімдіктердің қатарына жатады екен. Іле Алатауының теріскей беткейінде 1, 5-2, 5 мың метр биіктікте қалың болып өседі. Басқа жерлерде сирек кездеседі. Орынсыз пайдаланғаннан жойылып кету қауіпі бар.

Қорытынды:

«Жүрек жылуы» шеңбері
(Оқушыларға шығыршық, ойыншықтар тарату)
Олай болса барлығымыз бір-бірімізге тілектер айтайық.
Үйге тапсырма:
а) мазмұнын айту
ә) шөптесін өсімдік түрлері туралы мағлұмат жинау
Бағалау.
Екі топтың бағасын беру, мадақтау

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: