Фариза апамыз өзінің өлеңдерімен жұртты сүйсіндіріп, халқының аяулы қызына айналып отыр.
Сонымен «Оюлар» өлеңінен оюлардың шығу тарихынан көптеген мағлұматтар алдық. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болған десеңші. Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз.
V. Үйге тапсырма:
Өлеңді жаттау.
Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында қосымша деректер жинап келу.
VI. Бағалау
Сабақ 10 күні:
Сабақтың тақырыбы:М. Шаханов «Отырар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, «Отырар» өлеңін мәнерлеп оқып,қазақ ұлтының қиын да, қатерлі талай асулардан өткеніне тоқталып,өлең идеясын ашу.
Дамытушылық: «Отырар» өлеңі арқылы балаларға қазақ халқының тарихы жайлы мағлұматтар бере отырып, балалардың логикалық ойын дамыту.
Тәрбиелік:Осы өлеңді түсіндіре отырып, қазақ халқының өршіл рухын,көрген қасірет, бойындағы сақтай білген асыл қасиеттерін бала санасына ұялата біліп,сұлулық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Ассоциациялау,түсінік, сұрақ-жауап, тест
Сабақтың көрнекілігі:М. Шахановтың портреті,жинақтары,нақыл сөздер жазылған билбордтар, «Көне Отырар» , «Отырардың күйреуі» суреттері
Пәнаралық байланыс:Тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сыныпқа келіп,оқушылармен сәлемдесіп,қатысуын тексеру.
2. Балалар назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын қорытындылауға арналған тест сұрақтары
Ф. Оңғарсынова өмірі мен шығармашылығына арналған.
ІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабағымызда М. Шахановтың «Отырар»дастанын өтеміз. М. Шахановтың «Отырар»дастанын жазуға не себеп бол
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>