Ортаңғы «Бүлдіршін» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 17 .11.2015ж
Тәрбиеші: Акауова А.К.
Білім беру саласы: «Шығармашылық».
Кіші сала: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Үйрек пен балапандары ».
Мақсаты: Алдыңғы сабақта қолданған әдістерін бекіту. Әр түрлі көлемде жасауға, пропорцияларды сақтауға үйрету.
Билингвальдық компоненті: Балапан – цыпленок
Сары – желтый
Іс-әрекет
кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
І-кезең- мотвациялық- қозғаушылық Тақтаға үй құстарының суреттерін ілу.Үй құстары туралы қысқаша әңгіме өткізу.
-Қандай үй құстарын білесіңдер?
Д/О: «Не қалай дыбыстайды?»
Тәрбиеші балапан туралы тақпақ оқиды.
Жем бергенде жем жейді,
«Кел!»- дегенде келмейді.
Балапаным сары үрпек,
Әрі қорқақ,әрі үрпек.
-Балалар, мен не туралы тақпақ оқыдым?
Қызықты сәт: Көлшіктегі үйректің балапанын көрсету.
Сөздік жұмыс: үрпек
Балалар тақтадағы суретті тамашалайды.Үй құстары туралы әңгімені мұқият тыңдайды.Білетін құстарын атайды.
-әтеш,тауық,қаз,үйрек.
Балапан туралы тақпақты тыңдайды.
-Балапан туралы.
-Көлшіктегі балапанды қызыға қарайды.
Үрпек сөзін қайталайды.
ІІ-кезең-ұйымдастырушылық-
ізденушілік Үйрек туралы әңгімелесу.
Үйрек суда әдемі жүзеді.Ол балапандарын жүзуге үйретеді.Ақ үйрек, қара үйрек,қоңыр үйрек,ала үйрек-су бетіне көрік береді.Үйректің мойны қысқа,аяқтары жарғақ,тұмсығы жалпақ болып келеді.
Билингвалық компоненті:
Үйректің балапаны- утенок
Ол үшін балапанның дене құрылысын талдап алайық: денесі –сопақша,мойны-қысқа,басы-дөңгелек,тұмсығы-жалпақ,көзі-мөлдір
қара,қанаты,құйрығы,екі аяғы бар.
Сергіту сәті.
Қанат жаям жалма-жан.
Талпынғандай ұшуға,
Иіліп келіп қол созам.
Аяғымның ұшына.
Тәрбиеші өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.
Балалардың өз бетінше жұмысы. Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Үйректің балапаны- утенок сөзін қайталайды.
Қайталайды:
денесі –сопақша,мойны-қысқа,басы-дөңгелек,тұмсығы-жалпақ,көзі-мөлдір
қара,қанаты,құйрығы,екі аяғы бар.
Өлең жолдарын айтып,қимылдар жасайды.
Балапан суретін салу әдіс-тәсілдерімен танысады.
ІІІ-кезең- рефлексивті- түзеушілік - Балалар, бүгін ре салдық?Біздің көлшігіміз әдемі болу үшін,салған балапандарымызды көлшікке жіберейік.
- Балалардың жұмыстарын талдап,баға беру. Балалар үйреке не жасадық? -үйректің балапанын
Мүсіндеген балапандарын суреттегі көлшікке қойып,жүздіртіп ойнайды.
Күтелетін нәтиже:
Ұғынады:Үй құстары жайлы жалпы;
Түсінеді: үйректің үй құстарына жататынын,олардың суда жүзетінін,түстерінің әртүрлі болатынын;
Қолданады: үлкен,кіші домалақтар жасау тәсілін.