>Оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығын, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қ. Жұмаділовтың «Қозыкүрең» шығармасына байланысты «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта жазып келген шығармаларын оқыту, бағалау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту
Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. (Интерактивті тақтадан көрсету)
Ассосация құрастыру
«Ою» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Өлеңді мәнерлеп оқу
(Мұғалім мәнерлеп оқиды. Содан кейін оқушылар тізбектей мәнерлеп оқиды. Қысқаша өлеңнің мазмұны сұралады. )
Сөздік жұмыс
БАСҚҰР – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.
ЖЕЛБАУ – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.
(Интерактивті тақтадан киіз үйдің суреттері мен жабдықтары арқылы түсіндіру. )
Әдебиет теориясы
Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау
Түрін-ай текеметтің!Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» деп,
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
4 тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.
6. Бекіту
Оқулықпен жұмыс
Қошқармүйіз оюын ойдыру. Оны өлең тілімен суреттеп жазу.
(Күй ойнап тұрады, оқушылар ойған оюларына байланысты 1 шумақ өлең шығарады. )
Интерактивті тақтадан әр түрлі оюлар көрсетіліп жатады.
IV. Сабақты қорытындылау:
Міне, балалар, Фариза апаларың:
Шебер көп бұл заманда кілең керім,
Болмайтын ажыратып түр-өңдерін.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан,
Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім,- деген өлең жолдарында әжелеріміздің қолдарынан шыққан сан қилы оюлары, қолөнер бұйымдары жұртты таң қалдырса,
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>