згi мәселелермен танысу:
-Таңдалған тақырыпты әбден ойлан. Жоспар тақырыпқа сай жасалсын, эпиграф тақырып пен негiзгi идеяны ашуға сәйкес алынсын.
-Сөйлемдер тиянақты, ойлы болсын, әдемi, айшықты сөздердi пайдалан.
-Қате жiбермеуге талпын. Сауаттылық-шығарма үшiн ең маңызды мәселе.
2) Тақырып бойынша ауызша жұмыс жүргiзу.
Тiрек сөздер мен сөз тiркестерi тақтаға iлiнедi:
Қазақ халқы, төрт түлік, қанатты пырақ, қымыз, көлік, салт-дәстүр, ұлттық ойындар, қазы-қарта, жал-жая, батырлар мінген, сәйгүліктер. т. б.
Оқушылар тiрек сөздердi пайдалана отырып жауап беру керек:
-Қазақ халқы неге бай?
- Жылқының пірі не?
- Батырлар жауға немен аттанды?
-Қазақ қандай халық?
- Атпен ойналатын ұлттық ойындар қандай?
3) Шығарма жазғызу
Сабақты бекiту.
Бағалау
Үйге тапсырма: жаңа сөздердi қайталап, сөздiк диктантқа дайындалу
Сабақ 9 күні:
Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру. Өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы халықтың асыл қасиетін өзіне жинақтаған ұлттық қолөнер бұйымдарын, ою-өрнегін, халықтық дәстүрді, өнерді дәріптеу арқылы оны бағалап, қастерлеуге баулу. Олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам және белсенді біліктілік шеберліктерін дамытуға ықпал ету.
Дамытушылық: Оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру, ой өрісін дамыту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, шеберлікке, шапшаңдыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Кітап көрмесі, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>