Абайдың аудармалары

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

мағынасын басқаша ашып келтіруі оны қазақ өмірінің шындығына жақындастыру, өз көңіл-күйіне үйлестіру мақсатынан туады. Абай Лермонтов шығармаларының жаңа жағдайда мейлінше әсерлі және түсінікті болуын, оның идеялық, көркемдік сапасының жоғары болуын көздейді. "Теректің сыйы" ("Дары Терека") атты өлеңнің айрықша мәнділігі, кезінде Белинский айтқандай Кавказды мадақтау - Терек өзені мен Каспий теңізінің бейнелері арқылы Кавказды елестетеміз. Кавказдан бастау алып, Каспийге құятын Терек оған қажет сыйлықтар әкеледі. Кәрі Каспий басында қалғыған бойымен елең етпей, үн шығармай, тек "казак-орыс қатыны бір сұлуды әкеліп ем" дегенде көзін ашып, сылқ-сылқ күліп, жылы жүзбен амандасады.
"Қараңғы түнде тау қалғып. . . " - Абайдың М. Ю. Лермонтовтың "Из Гете" атты өлеңінен аударған өлеңі. Өлең - Абай аудармаларының ішінде шоқтығы биік озық үлгісі. "Тұншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң азырақ" деп өлеңде Гете де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл, сөзбе-сөз өрілген. Абай аудармасы арқылы берілген "Қараңғы түнде тау қалғыпты" білмейтін, шырқамайтын қазақ жоқ.
Абай "Жолаушының түнгі жырын" - қазақ тіліне аударып қана қойған жоқ, оған әуен де берді және "Қараңғы түнде тау қалғытпай" данагөй, асқақ әуезді әнді білмейтін қазақ баласын табу мүмкін емес те шығар.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
Гете жолаушысы бақытты болып шықты. Оның түнгі жырын ұлы ақындар Лермонтов пен Абай естіп, әрі қарай көтермелей жөнелді. Бұл ән бейбітшілік пен тыныштықты дәріптейді.
Абайдың Лермонтовтан аударғандары - негізінде әлеуметтік өмірдің көлеңкелі жақтарын, еріншек, белсенділігі жоқ адамды сынайтын шығармалар, азамат ақын

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: