Абайдың аудармалары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. А. С. Пушкиннің аса кесек көркем туындыларының бірі "Евгений Онегин" - шын мағынасында халықтық шығарма болды. Онегинге Татьянаның махаббат сезімін білдіріп хат жазатыны - романның сюжетіндегі ең бір түйінді жері. Абай "Татьянаның Онегинге жазған хаты" (Амал жоқ - қайттым білдірмей) деп сол "Я к вам пишу - чего же более" деп басталатын Татьяна хатын кейбір жерде сөз қалдырып кетіп еркін аударғанмен, Пушкин тексінің жалпы мағынасын дұрыс береді. Аудармада Татьяна бейнесі, орысша түпнсұқасының басты ерекшеліктері сақталып, шебер суреттелген.
Слаидпен жұмыс:

Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан сайын тереңдетіп, байытып, сатиралық сарынды күшейтіп, қазақ әдебиетінің реалистік даму жолын кеңейте түседі. Крыловты қазақ жұршылығына өз заманында кеңірек танытқан Абай болды. Крыловтың "Қарға мен түлкі", "Піл мен қанден", "Есек пен бұлбұл", тағы басқа мысалдарын аударды. Абай Крылов мысалдарындағы реализмді өзіне үлгі етіп ала отырып, оның сатира жағы басым мысалдарын таңдап алды. Қазақ өміріндегі ескі салт-сананы, әдет-ғұрыпты, жалқаулық, надандық, қулық-сұмдық сияқты жаман әдеттерді шенеп, әшкерелеуге лайықты Крылов мысалдарын Абай қазақ тұрмысына бейімдеп аударды. Крылов мысалдарын аударғанда Абай оның өлеңдеріндегі орыс тілінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, мазмұны мен мағынасын терең түсініп аударды. Қазақ тіліне жат

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: