Абайдың аудармалары

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ық етіп, қазақ тұрмысына бейімдеп, ұғымына жеңіл етіп аударды. Сөйтіп, мысалдың көздеген нысанасына дәл тиюін қатты ескерген. Бұл жөнінде Абай аудармалары ақынның мақсаты мен негізгі идеясын жеткізе білуге зер салғандықты көрсетеді. Мысалы, "Есек пен бұлбұл" мысалында Крылов әңгімені бірден есек пен бұлбұлдың кездесуінен бастаса, Абай түпнұсқада жоқ:
Тойған есек шөпті оттап маңайдағы,
Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.
Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып,
Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы. . . " -деген жаңа шумақпен бастайды. Алдымен есектің тойып, көңілі тасып, өзіне-өзі риза болып, ерекше бір мамыржай күйде ерігіп келе жатқанын білдіру арқылы оның сұлу ән, ғажайып әсем үн тыңдау үшін емес, әшейін ермек үшін сөз бастағанына көз жеткізіп алады. "Қарға мен түлкі" - Абайдың 1898 жылы И. А. Крыловтан аударған мысал өлеңі. Мысал көлемі түпнұсқада 26, аудармада 47 жол. Ақын мысал мазмұнын толық сақтап, буын санын азайтып, жыр үлгісімен тәржімалаған. Мысалдың алғашқы жолдарындағы айтылар ойдың түп қазығын қазақ оқырмандарына ұғымды етіп, оп-оңай жеткізеді.
Абай және Лермонтов
ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі - М. Лермонтов болды. Абай Лермонтовты оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Ол орыс ақынын жанындай жақсы көрді, сырлас, мұңдас болды. Абай ұлы ақынның жырларынан орыс қауымының тілек-талабын, мұңын, жырын ұқты. Абайдың Лермонтовтан дәлме-дәл, өте жақын аударған "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде түнде жалғыз", "Альбомға" т. б. өлеңдерінен орыс ақынының ой-пікірлері оған да бөтен еместігі айқын сезіледі. Абай қазақтың қанына сіңген малқұмарлықты әшкерелеуді мақсат еткен. Сөйтіп, Абайдың түпнұсқаға өзгеріс енгізіп

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: