Абай Құнанбаев

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8

бай туралы жазуда, Абай жайында сөз айтуда да ғана емес, Абайды оқып, ұғына білуде, Абай сөзіне құлақ аса білуде, Абайды жан-тәніңмен бойға сіңіре білуде. Абайды ғана емес, бағзы замандардан бері үзілмей келе жатқан даналығымызды, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді бабалар сөзін, Асанқайғы, Қазтуған, Ақтамберді, Махамбет, Мұрат, Дулат, Жамбыл, Мұқағали мұраларын жаттатып, жас ұрпақтың санасына ұғындыруды парызымыз деп есептеуіміз керек. Мұның өзі түптеп келгенде қазақты қазақ ұғыну, қазақты қазақ түсіну деген сөз! Қазақты сырттан келіп ешкім жарылқамайды. Қазақты жарылқаса тек қазақ қана жарылқайды.
Абайдың айтып, Алладан тілегені - сол халықтың мызғымас бірлігі, жарасқан ынтымағы еді. Алла қазаққа ынтымақ, береке берсін.
Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
1 жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
2 жүргізуші:
"Абай - өз дәуірінің үні, өз халқының мұң - мұқтажының жоқшысы бола білді",- деген жазушы - ғалым С. Ақатаев Құрметті ұстаздар мен оқушылар қауымы! Бүгін біздер қазақ руханиятының заңғар тұлғалы мәңгілік мақтанышы- Абай мұраларын келешек ұрпақ рухына сіңіріп, насихаттау мақсатныда жыл сайын өтетін "Абай оқулары" байқауы да аяқталды. Назарларыңызға көп-көп рахмет!




Страницы: <<  <  6 | 7 | 8
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: