айналыса алмайды. Заман ағымына, халықтың ұғымына қарай Құнанбайдай кемеңгер әкенің Абайдан күткені басқа еді. Билік үшін арпалысып өткен дала көкжалы Абайды ел тізгінін ұстауға баулыды. Құнанбайдай әкенің ырқынан шығып, ақындық әлемге қанат қағу жас Абайға оңай болған жоқ. Абайдың алдында күрделі де қым-қуыт өмір жолы тұр еді.
Ақын өлеңдерін санаға сіңірегн көркем келешектің ұрпақтары 9 сынып оқушыларына кезек береміз.
1 жүргізуші:
Абай өлеңі - жанымның жарасымы,
Абай өлеңі- рухымның дара шыңы.
"Өлең-сөздің патшасы" - деп айтатын,
Сақталған асыл көздің қарашығы.
2жүргізуші:
Абай оқулары - бүгінгі жарыс мәні,
Сыныптар келді бүгін жарысқалы
Оныншы сыныптың да ұландары
Өзгелерден кем түсіп қалыспалы.
Абай мұраларын жүрек төріне қондырып, қадір тұтқан оныншы сыныптың оқушылары алдымызда өнер көрсетеді.
1 жүргізуші:
Абайды қазақтың тануы бар да, әлемнің тануы бар. Абай өлеңдері өзге тілдерге ойдағыдай аударылған жоқ. Аударылуы да мүмкін емес сияқты көрінеді маған. Абайды әлем Мұхтар Әуезовтің романы арқылы таныды. Әлемге таныту арқылы қазақты дүниеге танытып кеткен Мұхтар Әуезовтің аруағы алдында басымызды иеміз. Қазақ даласына ХІХ ғасырда аспаннан түскендей әсер еткен Абайдай алып тұлғаны Тәңірі халқымыздың бағына тудырған. Абайы бар елде арман жоқ. Біз енді сол қолда бар алтынды бағалай білсек болғаны.
2жүргізуші:
Абай - қазақ поэзиясындағы ғашықтық жырлардың да ең озық үлгісін жасап кеткен ақын.
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде сенен артық маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сахнада 11 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар. !
1 жүргізуші:
Енді "Абай оқулары" байқауының ІІ кезеңін баста
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>