уға рұқсат етіңіздер.
Екінші кезеңнің негізгі шарты - Абайдың әндерін нақышына келтіріп, орындау шеберлігін айқындап, оқушы жүрегіне сіңіру.
2жүргізуші:
Абай әні қашанда керек бүгін,
Байқатар қазағымның еректігін.
Оқушылар бүгін алдыңызда,
Көрсетер тағылым мен зеректігін.
1 жүргізуші:
Келесі ретте Абай үнімен, Абай дәстүрімен ән шырқайтын жас әншілеріміз болса, сахна төріне келулерін сұраймыз.
1-жүргізуші:
Құрметті қауым! "Абай оқулары" байқауымыздың үшінші кезеңіне де келіп жеттік. Ата заңымызда көрсетілгендей біздің мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі. Соған қоса біз өзге де ұлт өкілдерінің тілін жетік білуіміз қажет. Өйткені, неғұрлым көп тіл білген адамның сана сезімі мен дүниетанымы да жоғары болады. Қазіргі таңда елімізде әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Оған себепкер-ұлттардың бірлігі, халықтардың достастығы.
2-жүргізуші:
Сондықтан келесі кезекті мектебіміздің оқушыларының ішінен суырылып шыққан , поэзияға табандары бір табан жақын оқушыларымыз шығармашылық шеберлігін көрерменге жария етеді.
1-жүргізуші:
Құрметті оқушылар! Даяр болсаңыздар сахнаға келулеріңізді сұраймыз.
1 жүргізуші:
Тарихты тұлғалар жасайды. Біз Абай Құнанбаевты бүкіл ұлт қазынасы, абыройы деп ұғынуымыз керек, "Қазақтың бас ақыны Ұлы Абайдың өлген күнінен қаншама алыстасақ, рухына соншама жақындаймыз. Халқымыз үнемі бұл күйде тұра бермес, ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артар. Халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар. . . " деген екен Алаштың ардагері Міржақып Дулатов. Қандай дәл, әдемі айтқан арысым!
2жүргізуші:
Бүгінде Абай туралы тың ой, жаңа сөз айту да қиын. Әңгіме А
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>