зерделікке, ойлылыққа шақыру.
1 жүргізуші:
Абай адам алдындағы парызына дақ түсірмей, ақиқатқа жан-тәнімен қызмет етіп өтті. Саналы ғұмырын, күш-қуатын санаткерлікке жұмсады, бірақ заманы ақынның жан егілткен әндерін сүйсіне тыңдағанымен, тамылжыта салғанымен, мұңлы өлеңдерінің, аталы сөздерінің ой қатпарларына тереңдей алмады, жанына дарыта алмады, сөйтіп, ақынның өз халқына айтқан ақыл-өсиеті жаһан далада адасып қалды. Абай дүниеге ақын болып туған адам, өлеңді ерте жазған
Кім екен деп келіп ем түйе қуған,
Қатын ғой күлдәрімен белін буған.
Төркініңнің бергені жауыр айғыр,
Бауырыңды ұрайын бірге туған ,
- дейтін әдепкі өлеңінің өзі түйеден түскендей.
2 жүргізуші:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!
Хакім Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқу бағыты бойынша ортамызға 8 сынып оқушыларын шақырып, жеткіншектірдің өнерлеріне куә боламыз.
1 жүргізуші:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнді тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты - Адам.
2 жүргізуші:
Абай табиғатынан ақын болып туғанымен, жас кезінде өлең шығарумен еркін
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>