ұшар еді-ау деп те қиялдайсың.
1 жүргізуші:
Абай, Абай, ұлы Абай, дана Абай,
Дана Абайым - қасқайған нән қарағай.
Қазағымның бұйырыпты бағына
Ғасырда бір туылатын дарам-ай.
Ұлы Абайым, саңылағым нар тұлға,
Өшпестей ғып із қалдырдың артыңда
Табиғаттың сан қырынан жүрекке
Орнықтырып, ұялатты жар тұлғаң!
1 жүргізуші:
Ортаға І кезең бойынша Абай атамыздың өлеңдерін оқуға мектебіміздің майталман, өлең сүйер 5 сынып оқушыларын шақырайық.
2 жүргізуші:
АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?
Атады таң, батады күн, толады ай.
Ауысады күнде саба, толағай.
Бірі барда бірі болмай, жоқты аңсап,
Неге пенде болды сонша қомағай !
Нәпсі сол ғой, ныспы адам болғасын,
Тәркі өмір талқы, тартыс додадай.
Ақын ақын болмас еді алдында
Жатса жайнап шәмсі, күлпар, қоғажай.
- Өмір өшпек,
Өлең қалмақ, - дейді дос,
Көңілімді аулап айтқан сөз ғой о да жай.
Білем жатқа даңқты талай дананы,
Олар тау да, мен кішімін обадай.
- Алтынсың, - деп алдағандар тірімде
Көзім жұмсам, көрмес мені қоладай.
Дүниеге қаланған бір кірпішке
Сол дүниенің осындай бір обалы-ай!
Қуандыққа соның бәрін ұқтырған
Аруағыңнан айналайын,
О Абай !
1 жүргізуші:
Халқымның көркем болсын келешегі,
Қашанда иман тұнған ел өседі.
Мемлекеттік тілімді қадірлесек,
Айдарынан жұртымның жел еседі.
Ортаға 6 сынып оқушыларын шақырамыз.
2 жүргізуші:
Қазақ қоғамы, оның болмысы, келешегі туралы соншама толғанған; ұлтының табиғатын, жаратылысын дәл таныған; елі үшін күйіп-піскен, азапқа түсіп, қасірет шеккен, қазақтың кемшілігін жанға батырып бүкпесіз ашық айтқан Абайдан асқан кісі болған жоқ. "Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>