йдан өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады. Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бәрін білген.
2 жүргізуші:
Армысыздар қадірменді қауым, жиналған жұртшылық, ұстаздар мен мектеп оқушылары! Абай мұраларын келешек ұрпақ рухына сіңіріп, насихаттау бағытындағы жыл сайын ұйымдастырылып отырған "Абай оқулары" мектепішілік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
1 жүргізуші:
Абай шығармашылығы -- әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс. Кейде ойлап отырсаңыз, Абай біз үшін ақын да, философ та, аудармашы да, композитор да емес, бәрінен бұрын өзіміздің жа - нымызға соншама жақын адамымыз, ағайынымыз ба, туысқанымыз ба , ағамыз ба, атамыз ба, әйтеуір бір жақсы танитын адамымыз сияқты. Сол адаммен талай рет кездесіп, сөйлескен, сырласқан, талай рет ақылын алғандаймыз, ал кейде не балалықпен, не шалалықпен алмай кеткендейміз. Қуансаң да, қиналсаң да Абайдың алдына барасың. Жар сүйіп, бала сүйіп қуансаң да, жақыныңның аза - сына күйіп, қайғырсаң да жаныңнан табылады Абай.
2 жүргізуші:
Халқымыздың ұлы ақынға құрметі біздің "Абай атамыз айтқандай" деп сөйлейтініміз - ден де көрініп тұр. Ұлы классиктерін халықтың атасы деп сөйлеу ең дамыған деген ұлттарда да табыла қоймайды. Абай -- ұлттың атасы, халықтың рухани әкесі. Егер әрбір қазақ баласы ауық-ауық болса да Абай томын қолға бір алып қойып, бір өлеңін болса да қайталап оқып отырса, өзіне өзі Абай алдында іштей есеп берсе, "Қалай өмір сүріп жатырмын осы? Абайдың айтқан ақылын алдым ба, жасаған сынынан қорытынды шығардым ба, шық деген биігіне ұмтылдым ба, адам атын ақтайтындай не істедім мен өзім?", дегендей ойға түсіп тұрса қазақтың бағы баяғыда жанып, ортақ үйіміздің түтіні де түзуірек
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>