Абай - дана , Абай - дара - қазақта
"Қалың елім , қазағым , қайран жұртым ,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың"
Ғасырлар қойнауынан жеткен мұңлы әуен. Құлағыма алыстан күңіренген қобыз үні естіледі . Бұл үйреншікті жайт , таныс сезім ,өйткені мен қашанда тарихи тақырыптарға ой толғасам ,ұлы даланың ойшылдары мен кемеңгерлерін ой елегінен елеп - екшелесем ,осы бір қоңыр мұң құлағыма келіп , жүрегімді өксік баурай ма , түсініксіз . . . Әсіресе , бүгінгі сөз еткелі отырған ұлы тұлға туралы талайлар егжей - тегжейлі жазып та кетті , әлде де жазып та жатыр , алда жазыла да беретін шығар. Олай болса , маған да неге жазбасқа ? Ес біліп , етек жапқан саналы ғұмырымда Абай бабамызды білім шаңырағына барғаннан , біліп өстім. Әдебиетке деген құмарымды да оятқан данамыздың дара шығармалары болса керек. Өзім тіл маманы болып , ұрпақ тәрбиесімен айналысқалы ,Абай шығармаларымен шәкірттерімді сусындатып келемін. Осындай жағдайда мен неге тартынайын ? Ендеше , нартәуекел!
Ұлы ақынымыз қазақ халқының өзгеше тума талантыекендігіне дау жоқ. Оның шалқар дария шабытынан туған таңғажайып шығармалары бүгінгі ұрпақтың рухани азығы болып табылған. Ақынның асыл сөздері қазақ баласының санасына ана сүтімен бірге сіңіп біте қайнап кеткен. Қаншама уақыт өтсе де , ұлы тұлғаның терең мәнді туындылары біздің бағдар тұтар темірқазығымыздай әрқайсысымызды тың биіктерге жетелейді де тұрады.
Абай нешеме ғасырлық халықтық ақыл - ойды тебірене толғап өмірге әкелуші бірегей тұлға. Ол біртуар ақын ғана емес , кемел ойлы философ , тарих беттерін жатқа білетін мықты тарихшы , қаламы қарымды жазушы , сырға толы әуезді әндердің авторы.
Абайдың Абай боп қалыптаспауы мүмкін де емес боп көрінеді маған. Оның тәлім алған ортасы ,ұшқан ұясы қандай десеңізщі , ия , келісесіз ғой
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>