Абай-ұлы тұлға

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

иеге көзқарасы өзін қоршаған ортаны бөле - жара тұтас қабылдауынан көрінеді. Қоғамға түбегейлі өзгерісті , тың сілкіністердің қажет екенін білуі де даналығынан болса керек.
Менсінбеуші ем наданды ,
Ақылсыз деп қор тұтып ,
Түзетпек едім заманды ,
Өзімді тым - ақ зор тұтып , - деуі де тегін емес. Себебі ол өзі өскен қазақ сахарасын қалтықсыз сүйетін , ыстығына күйіп , суығына тоңатын. Абай қазақ өлеңінде төңкеріс жасаған жаңашыл ақын , яғни реформатор.
М. Дулатовтың "Зәредей шүбә етпейміз , Абайдың өткен күнінен қанша алыстасақ , рухына сонша жақындармыз. Үнемі бір күйде тұрмас , халық ағарар ,өнер - білімге ұмтылар сол бір күндерде Абай құрметі күннен - күнге артар . Бірінші ақынымыз деп қабірін зиярат етер ,халықпенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар" , - деген сөзі соншама құдіреті мол болжау екендігін түсініп отырмыз. Қанша заман өзгеріп , қанша ұрпақтар жалғастығы ауысып отырса да , ұлы ақынның өзі айтқан "қуаты күшті нұрлы сөздің" сыры кетпей , сыны бұзылмай , жаңа қырынан ашылып , дүркін - дүркін жаңғырып келеді.
Ұлы дананың негізгі мақсаты да айқын : Адамды адамгершілік , кісілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды дамыту , ұлтының артта қалған қоғамын қатардың алдына шығару , мәдениеті дамыған елдер қатарынан көру.
Менің шәкірттерімнің ең жақсы көретін өлеңінде адам болам деген кісіге көп кездесетін бес дұшпан мен бес асыл досты ажырата білуге шақырады. Жас ұрпақ тәрбиелеуде қолданған сөз дестелері тілге икемді , ойға оралымды. Оның өлеңдері мен қара сөздеріндегі дүниетанымдылық , философиялық , қоғамдық этикалық көзқарастары педагогикалық , психологиялық ой - пікірлері осыны дәлелдейді: "Кімде - кімнің әділеті жоқ болса , оның ұяты жоқ, ұяты жоқтың иманы жоқ" , - деп адамгершілік , имандылық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: