Абай-ұлы тұлға

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

?! Анасы Ұлжан ұлы тұлғаны өмірге әкелгеннен - ақ , дәрет алмай , ақ сүтін емізбеген дегенін талайлар естіген болар. Ұрпақ тәрбиесінің бастауы - адал сүт емуден басталатынын мойындамасақ бола ма ?! Ұлтымызда қазақ қоғамындағы әкенің қандай болуы керектін Құнанбай қажы көрсетіп кеткен екен деймін. Қазақ баласының алдындағы әкенің портреті : жүрісі - тұрысы , сөйлеген сөзі , отбасындағы өзін - өзі ұстауы , отбасы мүшелерімен қарым - қатынасы - барлық осы айбарлы қасиеттер бір Құнанбай бойында бар . Отбасының ұйытқысы Зере әжесінің өзі - бір мектеп қой!Бала Абай қашанда қызықты әңгіме сұрағанда , халық ауыз әдебиетінің небір үлгілерін айтудан жалықпайтын ойы асыл қазына - асыл әже , қазақтың әжелері , міне осындай болу керек деп көрсетуге болады ғой , шіркін !Міне , осындай отбасыдан шыққан Абайдың жай қатардағы Абай болмай , дара - Абай , дана - Абай болмауға хақысы да жоқ шығар түптің түбінде!
"Мыңмен жалғыз алысып , соқтықпалы соқпақсыз жерде өскен" ақынның , қанау мен тонаудың тұзағына ілігіп , қорлық пен зорлықтан әбден запы шеккен сорлы жұртын қанды шеңгелден құтқарудың жолын іздеп алас ұрады ,толғанады , ащы қайғының уын ішеді. "Мұрты ұстарасыз аузына түскен халқының надандықтың қыл бұрауынан , қапас құрсауынан шығудың даңғыл жолы - отарлап , езіп отырған алпауыт елдің өнер - білімін , тілін терең меңгеру арқылы жеңу екенін қалай білген десеңізші!Абайдың осы ақылы қандай көрегендік , сұңғылалық еді!Ал енді оның елді адал еңбекке , оқу - білімге елдікке үндеген ақыл - кеңестері бір төбе емес пе? Алаш ұлдарының шоқтығы биік ұлы Ахмет Байтұрсынов "Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңдерінен артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай , арғы асылын қарап сөйлеген. Яғни кез келген сөзді шырайлы , ажарлы етіп жаза білген". Ақынның дүн

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: