е; әдебиетіне бой ұрып, қазақ әдебиетін түрлендірді, әйтпесе ол үшін араб, ғажам жолы да ашық еді деп, Абайдың Шығысқа қатысын арнайы сөз етуді қажет деп таппайтындай байлам жасайды. Жалпы, абайтану тарихында Абайдың Батысын басым айттық. Абай қазақ өлеңіне әкелген жаңалықтың барлығын орыс, Европа әдебиетінің ықпалы деп кана қарастырған жағдайларымыз басым болды. Абайтануда Абайдың Шығысы саяси ағартушылардың ықпалынан ұзақ жылдар бойы ұдайы шектеліп отырды. Қазіргі кезенде, кезінде абайтанудағы "ақтаңдақтар" болып дамуға мәжбүр болған көптеген жазба дерек, тұжырым-танымға тыйым салу тыйылған кезде, Абайдың Шығысы жайлы тынымымызды кеңітуге, байытуға, дамытуға өріс ашылып отырған уақытта, сол, бір замандарда "жабық" қалған жазбалардың құндылығы арта түсіп отырғаны даусыз. 1922 жылы Абай кітабы екі қалада басылып шыққаны белгілі. Соның Ташкент басылымына байланысты сөз қозғай отырып Ғабдрахман Сағди абайтанудың бірнеше өзекті мәселесін алға қойды, Абай шығармаларының жазылу мерзімі, себептері Абай ақындығының эволюциясы, ақынның тіл кестесі, ақындық мектебі жайлы кеңінен қозғап, сөйлеген ғалым Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысын арнайы сөз етпегенімен, оның исламиятқа қатысын айғақтау жолында құнды пікірлер айтты.
"Және әуелде аллаға онша жақын болмаған әлі көбірек дүние үшін, халық үшін қайғырған Абай 1989 жылдан соң аллаға жақындап, алланы жат етеді. Алла туралы көбірек ойлап, сол ретте халыққа алла туралы сөздер сөйлеп, алла туралы діни үгіттер үйретеді. 1886 жылдарда Абайдың үгіті дүние, тұрмыс үшін болса, енді алла, ахрет үшін болуға айналады. Абайдың бұл жылдан соңғы өлеңдерінде Толстой сықылды адамдардың жазған сөздерінің ізі көріне бастайды. Абай өмірінің бұл бөлімінде, шынында, қазақ халқына діни жолбасшылық сипатын көрсетеді. "Ой
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>