Абай және Шығыс әдебиетідегі дидактикалық шығармалар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

алау, теріс бағалау, үстірт қана шолып өту, тіпті кейде тарс етіп, жұмған ауызды ашпай өте шығу сияқты түрлі ахуалды абайтану ілімі бастан аз кешкен жоқ. Сондай құбылыстар Абайдағы айқын көзге ұрып тұрған шығыстық белгі, шығыстық сарындарды басқаша тануға, тануға итермеледі. Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысы жайлы қазақ әдебиеттану ғылымында М. Әуезовтен кейін С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, М. Мырзахметов, Т. Әлімқұлов, А. Қыраубаева, Ө. Күмісбаев, Ғ. Есім, А. Жақсылықов, т. б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылып отырды. Бүгінде Абайдың Шығыс әдебиетімен, Шығыс мәденитімен байланысын қарастырған біршама толымды зерттеулер бой көрсетіп отыр. Абайда, Абайдың ІІІығыс әдебиетінен алғаны, үйренгені туралы оның өлең өлшемі, сөз қолданысы, дүниетаным пікірлерін аша түсер нақытылы зерттеулерге бару -- қазіргі абайтанудың ендігі кезектегі күрделі міндеттерінің бірі. Абайдың ақындық айналасы мәселесі -- абайтанудың өзекті арнасы. Абайдың Шығыс мәдениетіне, әдебиетіне қатысы жайлы әріден айтылып келеді. Абайдың Шығысы дейтін мәселенің аясында Абайдың исламиятқа қатысы да, Шығыс поэзиясы үлгілерінен үйренуі де, Шығыс философиясына бойлауы да белгілібір дәрежеде айтылып, қамтылып отырды. Абайдың Шығысқа қатысы жайлы баспасөз бетінде алғаш жарияланған дүние "Семипалатинский листок" газетіндегі Әлихан Бөкейханов жазған азанама болса керек. Абайдың өмірі мен шығармалары жайында Кәкітай Ысқақұлынан алған деректерді Әлихан Бөкейханов Абай ақындығы жайлы өзіндік наным-таныммен құнарландырып, жүйелеп баяндап бергендігі белгілі. "Ислам дінінің далаға орнығуының пайда-зиянына орай жаңа заманның талабымен Абай білімге ден койып, араб, парсы түркі тілдерін кітап арқылы үйренеді. Табандылығы мен бейімділігінің нәтижесінде өз бетімен ар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: