туралы" деген өлендері бәрі соған куә қылып Абай 1895 жылда "Халыққа махлұқ ақылы жете алмайды. Оймен берген нәрсеміз бәрі дәһрі" -- дейді. Әм алла туралы: "Сонда да оны ойламай қоя алмаймын" әм "Және оған қайтпақсың, оны ойламай өзге мақсат ақылға тола ма екен", -- деп өзінің енді аллаға мықтап берілгендігін аңғартады.
Абайдың ақындығы және Шығыс әдебиеті. Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеу үлкен әзірліктіқажет ететін күрделі мәселе. Бұл ең әуелі, жалпы мұсылман Шығысымәдениетін, философия тарихы мен классикалық мұраны түпнұсқадан оқу деген сӛз. Осы тұрғыда Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге кӛтерген Мұхтар Әуезовтің әр уақыт оралып соғып, жаңа таным, соны пікірі ұсынып, мәселені тереңнен зерделеп отырғаны белгілі. Абайдың Шығысына байланысты М. Әуезов пікірлері үздіксіз, жанды ізденіспен толығып, байып, дамып отырды. Ол Абайдың жастық шағынан басталып, ӛмірінің соңына дейін ӛзекті желідей созылған шығыстық белгілердің ақын дүниетанымы мен кӛркемдік шеберлігінің қалыптасу, даму, ӛсу жолындағы түрлі кезеңдерін ерекше ден қойып зерделеп отырды. М. Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғылыми ойынывң қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде әр түрлі таным тұрғысынан келіп отырғанын, түрлі ой-толғаныспен елеп-екшеп, сұрыптап отырғанын көреміз. 1934 жылғы "Абай ақындығының айналасы" атты зерттеуінде Мұхтар Әуезов ақынның шағатай әдебиетіне қатысына сәл жатырқай қарайтыны белгілі. 1945 жылы М. Әуезов Абай мұрасының нәр тартқан үш бұлағы жайлы аса күрделі танымын алғаш рет айқын танытқандай. Абайдың шығыстың көркем классикалық поэзиясымен шығармашылық қатынасы жайлы бір айтса, Абайдың ақынд
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>