аб, парсы тілдерін еркін меңгеріп, қасиетті біліммен сусындады. Молда мен қожалар туралы далаға кең таралған "аңқау елге арамза молла" деген мақалға орай олар өздерінің жан дүниесінің пасықтығын әшкерелеуден қорқып Абаймен кездесіп, сұхбаттасудан қашқақтап жүретін. Осы арада Абайдың ислам дініне қатынасын да айта кету лазым" -- деген Әлихан Бөкейханов абайтанудағы үлкен бір мәселенің жайын алғашқылардың бірі болып қозғаған еді . Әрине, Абайдың қасында болып, не оқып, не білгенін көбірек көріп, таныған Кәкітай Ысқақұлының мына бір деректерін Әлихан Бөкейханов пайдаланды: "Уақытында аз да болса ислам діні, ғылымы кіріп келе жатқан жаңа заманның ретімен Абай арапша, парсыша, түрікше кітаптарды көп оқып, олардың ішіндегі ғылымынан үлкен хабардар болды. Сол талаппенен қырда ғарапша, парсышаға Абайдан артық білетін ешкім болмады. Өзге жерде өтірікті-шынды жұртты өзіне қаратып жүргенде, Абай алдында надандығы білініп масқара болып қалам ба деп шала оқыған ғылымы бар молда-қожалар Абайдан қашып жүруші еді" . Нәзір Төреқұлов "Қазақ" газетінің 1916 жылғы 9 ақпанда шыққан 164 санында жарияланған "Әдебиетімізге көз салу" дейтін мақаласында әдебиет, тіл мәселелерін қозғай отырып, тілді байыту мәселелеріне үңілуге тартады. Қазак тілі, анықты да гибкость -- икемділігінде, плавность -- ағымы тегістігінде Радлов секілді түршілердің ойынша Европа тілдерінен франк тілімен тең. Бірақ қошаметіне мәз болып, тілімізді ескерусіз тастай алмаймыз, әрдайым тіліміз үшін бар күшімізді жұмсап, ажарларымыз, байытуымыз тиіс.
Бұл пайда негізді қай жерге құрайық, жетпеген сөздерді, терминдерді, мағыналарды, әдебиетті, жаңа түрлерді қайдан алайық? Міне осы мәселелерді шешпеншілік. Соның үшін басқаларға бір көз жіберелік дей отырып, Абай Европа мәдениетін
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>