Абай және Шығыс әдебиетідегі дидактикалық шығармалар

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ық кітапханасының шығыстық арналарын қарастыруында және де бір үлкен мәселе етіп Абайдың тарих, философия жӛніндегі сусындаған бұлақтары Шығыс ойшылдарының еңбектері де болғандығын айтты. Бұл пікірлер, әрине, М. Әуезовтің Абайдың Шығысқа қатысын зерттеуді орынды кӛтеріп, түрлі нәтижелерге қол жеткізудегі сатыларын, қамтыған мәслелерін ауқымын айқындауда, сонымен бірге Абайдың Шығысын тануда белгілі бір уақыттарда қажеттілігі болған пікірлер. Біздіңше, Әуезовтің Абайдың Шығысын ашуын әлде де қарастыра түсу арқылы аталған мәселелердің ар жағынан Абайдың Шығысын зерттеуді тереңдете түсер көп қисындар табуға болады. Абай шығармаларының Шығысқа қатысын бұрмалау, теріс бағалау, үстірт қана шолып өту, тіпті кейде тарс етіп, жұмған ауызды ашпай өте шығу сияқты түрлі ахуалды абайтану ілімі бастан аз кешкен жоқ. Сондай құбылыстар Абайдағы айқын көзге ұрып тұрған шығыстық белгі, шығыстық сарындарды басқаша тануға, тануға итермеледі. Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысы жайлы қазақ әдебиеттану ғылымында М. Әуезовтен кейін С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Р. Сыдықова, Қ. Өмірәлиев, М. Мырзахметов, Т. Әлімқұлов, А. Қыраубаева, Ө. Күмісбаев, Ғ. Есім, А. Жақсылықов т. б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылып отырды. Бүгінде Абайдың Шығыс әдебиетімен, Шығыс мәдениетімен байланысын қарастырған біршама толымды зерттеулер бой көрсетіп отыр. Абайда, Абайдың Шығыс әдебиетінен алғаны, үйренгені туралы оның өлең өлшемі, сөз қолданысы, дүниетаным пікірлерін аша түсер нақтылы зерттеулерге бару - қазіргі абайтанудың ендігі кезектегі күрделі міндеттерінің бірі.



ІІІ. Тақырыпқа байланысты проблемалық сұрақтар қою.
1. М. Әуезов Абайдың Шығысын абайтанушы М. Мырзахметовтің көрсетуінше неше салаға топтастырды?
2. Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы қашан,қандай ба

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: