Абай және Шығыс әдебиетідегі дидактикалық шығармалар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

мақсатты түрде мәселені қойды. Ол Абайдың жастық шағынан басталып, өмірінің соңына дейін өзекті желідей созылған шығыстық белгілердің ақын дүниетанымы мен көркемдік шеберлігінің қалыптасу, даму, өсу жолындағы түрлі кезеңдерін ерекше ден қойып зерделеп отырды. М. Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғылыми ойының қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде әр түрлі таным тұрғысынан келіп отырғанын, түрлі ой -- толғаныспен елеп -- екшеп, сұрыптап отырғанын көреміз. 1934 жылғы "Абай ақындығының айналасы" атты зерттеуінде Мұхтар Әуезов ақынның шағатай әдебиетіне қатысына сәл жатырқай қарайтыны белгілі. 1945 жылы М. Әуезов Абай мұрасының нәр тартқан үш бұлағы жайлы аса күрделі танымын алғаш рет айқын танытқандай. Абайдың шығыстың көркем классикалық поэзиясымен шығармашылық қатынасы жайлы бір айтса, Абайдың ақындық кітапханасының шығыстық арналарын қарастыруында және де бір үлкен мәселе етіп Абайдың тарих, философия жөніндегі сусындаған бұлақтары Шығыс ойшылдарының еңбектері де болғандығын айтты.
М. Әуезов Абайдың Шығысын абайтанушы М. Мырзахметовтің көрсетуінде мынадай төрт салаға топтастырды. 1. Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы. 2. Абай және Шығыс классиктері. 3. Абайдың исламиятқа қатысы. 4. Абай және мораль философиясы. Бұл пікірлер, әрине, М. Әуезовтің Абайдың Шығысқа қатысын зерттеуді орынды көтеріп, түрлі нәтижелерге қол жеткізудегі сатыларын, қамтыған мәселелерін ауқымын айқындауда,сонымен бірге Абайдың Шығысын тануда белгілібір уақыттарда қажеттілігі болған пікірлер. Біздіңше, Әуезовтің Абайдың Шығысын ашуын әлде де қарастыра түсу арқылы аталған мәселелердІң ар жағынан Абайдың Шығысын зерттеуді тереңдете түсер көп қисындар Абай шығармаларының Шығысқа қатысын бұрм

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: