ертуі тиіс бағытты да анықтай алады. Альберт мұғалімнің өзгертуі тиіс саланы келесі сауалдарға жауап бере отырып анықтай алады деп көрсеткен:
:: Менің бірден-бір өзгерткім келгені - бұл . . .
:: Менің практикам . . . арқылы жақсарар еді.
:: Өзім жұмыс істейтін оқушыларға . . . қажет (Альберт мұғалімдер қауымдастығы,2000).
Жоғарыдағы Альберттің кеңесіне сүйеніп өз тәжірибемдегі өзгертуі тиіс саланы анықтауды әріптестермен бірлесе отырып жүргіздім. Әдістемелік бірлестік мұғалімдерімен бірлесіп өзгертуді қажет ететін біршама зерттеу сұрақтарын анықтадық:
1. Қалай бейімделген мәтіндер арқылы оқушылардың сөздік қорын (екінші тіл) дамытуға болады?
2. Қалай қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың мотивациясын арттыруға болады?
3. Қалай оқушыларды логикалық аргументтеп сөйлеуге үйретуге болады?
4. Қалай оқушылардың жазылым дағдысын арттыруға болады?
1-сурет. Зерттеу тақырыбын әріптестермен бірлесіп анықтау сәті.
Әріптестермен бірлесе отырып бірнеше зерттеу тақырыбын және зерттеу сыныбын анықтадық. Зерттеу тақырыбы ретінде "Қалай қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың мотивациясын арттыруға болады?" атты тақырыпты зерттеуге алдық. Барлық мұғалімдер 7-сыныптарға сабақ жүргізетіндіктен және осы сыныптарда өзгертуге тиіс көп мәселелер болғандықтан кеңесе отырып 7-сыныпты зерттеуге шешім қабылданды.
Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысым келесі қадамдардан тұрды:
Зерттеуді бастамас бұрын зерттеудің этикалық аспектілеріне сай оқушылардың өздерінен, ата-аналарынан, топ кураторынан зерттеу жүргізуге оқушылардың келісімі жазбаша рұқсатнама түрінде алынды;
Оқушылар, ата-аналар және топ кураторы тарапынан қарсылық болмағандықтан, зерттеуімді оқушылардан алғашқы сауалнама алудан бастадым. Сауалнама бірнеше сұрақтард
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>