7-сынып оқушыларының жазылым дағдысын жазылымалды нұсқаулықтар арқылы қалай жақсартуға болады?

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ЖАЗЫЛЫМАЛДЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАДЫ?
Иманбекова А. Н.
Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әлемнің қарқынды дамуына орай жаңа ұстанымдар білім беру жүйесіне мейлінше өзгерістер енгізілуде1. Еліміздің білім беру моделі әлемдік тәжірибенің үздік жобаларын ендіруде табысты қадам жасап келеді. Осындай үздік жобалардың бірі - Іс-әрекеттегі зерттеу (Action research).
Іс-әрекеттегі зерттеу жобасының басты мақсаты - мұғалімнің іс тәжірибесін жақсарту. Джеффри Милс "Іс-әрекеттегі зерттеу - мұғалімнің өзі үшін жүргізілетін зерттеу" (Mills, 2007) деп дұрыс тұжырым жасайды. Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы біздің мектебімізге де ендіріліп, мұғалімдер өз тәжірибесін зерттеуді қолға алуда. Осы жоба бойынша алғаш зерттеу жұмысымды Action research жобасы бойынша ұйымдастырылған семинарға қатысқаннан кейін бастадым. Себебі осы семинарда мұғалімнің өз тәжірибесіне зерттеу жүргізуі қажет екендігін түсіндім. Осы зерттеу нәтижесінде өз тәжірибемді жақсартуды мақсат тұттым. Махатма Гандидің "Егер сен болашақтағы өзгерісті көргің келсе, осы өзгерісті өз уақытыңда жаса"-деген сөздері менің кредома айналды. Зерттеу барысында көптеген дереккөздердегі мәліметтермен танысып, сараладым. Ғылыми-зерттеу еңбектерінде іс-әрекеттегі зерттеу "рефлексивтік практиктің" өзіне төмендегі 3 негізгі сауал қоюынан бастау алынады делінген:
1. Не жақсы болып жатыр? Неліктен?
2. Не жаман болып жатыр? Неліктен?
3. Нені өзгерту керек? Неліктен?
Дәл осы сұрақтарға жауап табу мұғалімнің зерттеу жұмысының бастамасы болмақ. Мұғалім өз тәжірибесіне рефлексия жасай отырып, өз тәжірибесін бағалап қана қоймай, тәжірибесінде өзг

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: