қушылар жазылымалды нұсқаулықтарды орынды қолдана отырып, құрылымды сақтауды үйренді. Оң өзгерістер оқушы жазбаларынан байқалады. Қазіргі таңда зерттеу нәтижелері саралануда. Ол келесі бағалау түрлері арқылы жүзеге асырылып жатыр: Оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім, мұғалім-мұғалім, оқушы-ата-ана, оқушы портфолиосы, жазбаша комментарий және сауалнама, сұхбат, бақылау, оқушы күнделігі, сынып журналынан алынған ақпарат, фото-видео материалдар т. б. Осы зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін төмендегі іс-әрекеттегі зерттеу циклына сай келесі циклға көшу жоспарланып отыр.
5-сурет. Іс-әрекеттегі зерттеудің циклдық моделінің үлгісі
Жазылымалды нұсқаулықтар - оқушылардың жазылым дағдысын арттырудың таптырмас құралы. Жазылымалды нұсқаулықтар қолдану арқылы оқушылардың жазылым дағдысын арттыруға болады. Әр нұсқаулықтың жазылымның түрі мен қойылған мақсатқа сай түрлендіріп қолдануға болады. Іс-әрекеттегі зерттеу рефлевсиктік-практик мұғалімдердің санын арттыруға өз үлесін қосады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Назарбаев Зияткерлік мектебі, Кембридж университеті. 2013 жыл. Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей.
2. А. Құсайнов "Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы"
3. https://moodle. org/
Страницы: << < 4 | 5 | 6