на ер олып, өз қол ұшымды беріп көмектесуге, оларды арашалап қорғау үшін барғаным рас. Бірақ та құдай куә, адам баласын өлтіргенім жоқ. Ал, әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрелегені үшін бір милицияны ұрып – соққаным рас».
Жаппай жазалау.
Қайрат Рысқұлбековтың өлім жазасына кесілуі дүние жүзілік қауымдастықтың наразылығын тудырды. Чехословакияның, Польшаның, Венгрияның, АҚШ-тың қоғам қайраткерлерінен, зиялыларынан бұл үкімге қарсылық хаттары келіп түсіп жатты. Абақтыда азап шеккен Қайрат ақыры жұмбақ жағдайда қаза тапты.
Республикалық мемлкеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 17-18 желтоқсан күндері кино және телекамералармен түсірілген материалдар бойынша шеруге қатысқандардың суреттері шығарылды. Сол суреттер бойынша астананың барлық оқу орындары мен еңбек ұжымдарында «қылмыстыларды» іздеу басталды. Бұл науқан бірнеше айға созылды. Сол кезде бүкіл республикада Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға деген аса ауыр психологиялық ахуал қалыптасты.
Кейін анықталғандай, коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен «Бұрқасын 86» деген құпия жедел жоспар жасалған болып шықты. Ол жоспар бойынша билік иелері кез – келген уақытта оқиғаны өздеріне қажетті арнаға бейімдеп, жастарға «қылмыстық» немесе «ұлтшылдық» деп айдар тағылып, арандатушылық бағытқа бұрып жіберуі мүмкіндік алды. «Бұрқасын» жоспары кейіннен әдейі құртылып жіберілген.
Желтоқсан оқиғалары - Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Сондықтан да оның жүгі ауыр, шығыны көп болды.
1987 жылғы шілде - КОКП Орталық Комитеті «Қазақ Республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернаци
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>