1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Дінмұхаммед Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Геннадий Васильевич Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.
Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер – қоғамдық - әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өріскел кемшіліктер, ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келеді. Республиканың бірінші басшысының ауыстырылуы пісіп – жетіліп тұрған жаппай наразылықтың ашық қарсылық түрінде көрініс беруіне түрткі болды.
17 желтоқсан күні таңертеңнен бастап Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) адамдар жинала бастады. Оларды дені студент және жұмысшы жастар еді. Жиналғандар ортлықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемдігіне нарзылық білдереді.