тты. Республика жоғарғы басшылығының келісімімен милиция мен ішкі әскерлеркүштері алаңды қоршап алды. Алматы гарнизоны бойынша 1 әскери дайындық жарияланды, темір жол вокзалдары, аэропорттар, халықаралық жолдар жабылды. Сағат 11-ден 30 минут кеткенде алаң бос қалды, жастар қала көшелеріне ауысты. Сап түзеген
жастар милиция күштерінің бақылауында болды. Алаңды қоршап, ешкімді де кіргізбеуге және шығармауға бұйрық берілді. Толқу орталығына беттеген жастардың жаңа топтары шепті бұзып өтіп, қақтығыстар басталды. Қазақ КСР-і Ішкі істер министрі Г. Н. Князевтің бұйрығымен қалқан жамылып, кеспелтек таяқтарымен және сапер күрегімен қаруланған салдаттар демонстрацияға жиналғандарды қуа бастады. Ал коммунистік билік иелерінің ұғымына оқиғаның бұлай саяси бағыт алуы мүлдем сыймайтын еді. Шығармашылықпен ойлап, әрекет етуге үйренбеген, идеологияландырылған аппаратшының қатып – семіп қалған логикасы оларды митингіні дереу таратып, қалың бұқара құлақтанбай тұрғанда оқиғаның ізін суытып тастауға итерміледі. Алаңға жиналғандарға партия мен үкімет басшылары танымал адамдарды жіберіп, ақыл айтқызып, таратпақ болған әрекеттерінен нәтиже шықпаған соң, әкімшіл - әміршіл басқару жүйесінің үйреншікті әдістеріне басты Митингіге шыққандар мен тәртіп қорғау органдарының арасындағы қақтығыстар кескілескен айқасқа
айналды. Алаңдағы жастарды қуып шығу үшін өрт сөндіру машиналары мен арнаулы құралдар орнатылған машиналар пайдаланылды. Ереуілшілдерді жазалау басталды. Олардың қолға түскендерін арнайы қабылдау орындарына, тергеу аластағыштарына, ақпаратты есептеу жүйесі үйлеріне орналастырылды. Шерушілерге қарсы сапер күректері, үйретілген иттер, өрт сөндіруші машиналар, брондытранспортерлер іске қосылды. Кезекті операциядан кейін ұсталған жігіттер мен қыздар қақаған аязда бірнеші сағат бойы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>