қар үстіне жатқызылды, қаладан алысқа апарылып, жұқа су киімдерімен түнгі аяз ызғарында ұсталды.
Бейбіт шеру күштеп басылғанынан кейін, аса қатыгездікпен және мейірімсіздікпен жаппай жазалау басталды. Оқиғаға қатысқа бірнеше адамдар мерт болды. Олардың арасынан жалынды жас демократ Қайрат Рысқұлбековтің бейнесі Қазақстан жастарының еркіндік күресінің рәзіміндей ерекше көзге ілікті.
Қайрат Рұсқұлбеков –
жүрегінде намыс алауы лапылдаған жігерлі жас, жалынды ақын еді. Оған «Жасақшы С. Савицкийді өлтірді» деген айып тағылды. Шындығында , С. Савицкийдің өлімі кезінде Қайрат Рысқұлбеков қаланың басқа ауданында жүрген еді. Жоғарыдан жасақшыны өлтірген адамды тез арада табу керек деген жарлық түсті. Жарлықты орындаушылар марапат үшін бұрыннан істеп жүрген жеңіл әдеттеріне басып, сол өлімді Қайраттың мойынына арта салды. Олардың қолдан ұйымдастырған дәлелдерінің ақсап жатқанына, Қайраттың шындықты айтып шырылдағанына құлақ асқан пенде болмады. Құқық қорғау жүйесінің 5 қызметкері «кісі өлтірушіні тез тапқаны үшін» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Жиырма жастағы Қайраттың болған оқиғаны баяндауы.
B
- деп жазды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып – соғып, өлтіріп жатыр дегенді елден нстіген соң, өз басым қолымды жайып «кұл болмасаң тұл бол» деп отыруға еркектік ар – намысым жетпеді. Ер ққатарында , ар қара боп, саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін. Құдайға шүкіршілік, кеудемде нағыз ерге лайық намыс баршылық. Оның үстіне, «қыздың жолы жіңішке» деген. Менің түсінігімше әйел адамға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың – хайуандардың еркегі де – ұрғашысына мүйіз, я болмаса тұяқ көтермейді. Ал, біз – бәріміз де аң емес, адамзаттың ұлы – адамбыз. Міне қысқаша айтқанда, осындай түсінікпен, әйел заты
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>