дан анықтап сұрастыра бастағанымда: Н-Ишимск, Терісаққан, Курск, Ладыженко (Атбасар уезі) поселкелері, Атбасардағы қазақ халқының мобилизация болған жағдайда көтеріліске шығуға дайындалып жатқандығы анықталды. Көтерілісті алғашқы болып Ұлытау, Атбасар уезінің қазақтары бастайды.
Телеграмма. Ішкі істер министрінің атына генерал Сухамлиновтан.
Іс 31 шілде 1916 ж.
"Семей уезінде 25 шілде күні қаруланған қазақтар тобының шақыруға қарсылық көрсетіп, қарауылға шабуыл жасағанын, жақын келген казактар взводы қарауылды босатып алып, топты таратып жібергендігін, қазақтардың бес ауыр жараланғандарын қалдырып кеткенін, казактарда адам шығынының жоқ екенін, қалғандарының құпия барлаудың анықтауы бойынша жеті мыңдай қазақтар тобы бар оңтүстікке, Балықты көліне бағыт алғанын хабарлаймын". Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басқа да кезеңдерімен қатар 1916 жылғы көтерілістердің әр түрлі мәселелері де ауызша тарих айту дәстүрі туындыларында кең көрініс тапқан. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына қарсы Қазақстанның түпкір-түпкірінде болған ұлт-азаттық көтерілістер жайындағы әңгімелер, өлеңдер, жырлар халық жадында сақталып, бізге дейін жеткен. Мұның өзі ауызша тарих айту дәстүрі туындыларының халықты дүр сілкіндірген оқиғаларға байланысты қалыптасатындығын тағы да дәлелдейді.
Мәселен, Жетісудағы көтерілісті басқарған Бекболат Әшекеевке арналған "Бекболат" атты жырда патша жарлығынан кейінгі ауылдың ахуалы былай көрсетілген:
. . . Даланы қара бұлт басты,
Найзағай ойнап, от шашты.
Жым-жырт жатқан сахара,
Басқандай болды албасты.
Зілді кезең кездесіп,
Кәрі, жастан сұр қашты,
Жарлығы шығып патшаның,
Ел сенделді, ер састы.
Ежелгі кек оянып,
Көтеріліп жұрт дуласты
Патша жарлығы халыққа төбеден жай түскенд
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>