алды. Көтеріліске шыққандардың саны уезд аумағында 30 мың адамға дейін жетті. Ақмола уезі ұлт-азаттық қозғалысы ошақтарының бірі болады. 1916 жылы 11 шілдеде көтерісшілер Ақмола уезінде приставты және әскери шендерді өлтірді. Көтерілісті басу үшін Омбы қаласынан Ақмолаға казактардың жазалаушы отряды жіберілді. Нашар қаруланған және бытыраңқы көтерісшілердің жеңіліске ұшырайтыны сөзсіз еді. 1916 жылы 25 қазанда Кендірлі орманында тұрған көтерілісшілер тобын казак отряды талқандады. Көтерілісшілердің талқандаған бөліктері Амангелді Имановтың жасағына барып қосылды, кейбіреулері дала төсінде жасырынуға мәжбүр болды. Ақмоланың түрмелері көтерілісшілерге лық толы болды. Тек 1917 жылы қамалғандар бостандыққа шықты.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТЫҚ ДЕРЕКТЕР
1916 жылғы 25 маусымда патша Қазақстанның, Орта Азия және Сібірдің кейбір "бұратана" халықтары арасынан 19 бен 43 жас аралығындағы азаматтарды тыл жұмыстарына алу жөнінде жарлыққа қол қойды. Барлығы 400 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Мұның соңы бүкіл қазақ даласын қамтыған ұлт-азаттық қозғалысқа ұласты. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу дәуіріндегі саяси маңызға ие болған Атбасар, Ақмола уездеріндегі халықтың бойындағы тарихи сананың серпілісі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде анық байқалды. 1916 жылғы қазақ даласын қамтыған ұлт-азаттық қозғалыстың маңызды күрес ошақтарының бірі ретінде Атбасар, Ақмола, Қорғалжын өңірлеріндегі көтерілістер туралы мұрағаттардан табылған деректерді айтып өтейін:
Омбы епархиясы, Атбасар уезі, Ладыженко сиыну үйі священнигінің жедел хабарламасы: 20 шілде 1916 жыл қазақ зиялылары маған мобилизация болған жағдайда қазақ халқы өз мүдделерін қорғау үшін көтерілетіндіктерін хабарлады. Мен мұны естіп бұл жөнінде қарапайым қазақтар
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>