1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

олатты әкетті айдап,
Ат үстінде аяқ қолын байлап,
Артынан қалғандарын қоса айдап,
Бейшара түсті қолға соры қайнап, -
деп, Бекболаттан жауап алуы, оның жолдастарын ұстап бермей, бар ауыртпалықты өзі көтеруі соңында патша жендеттерінің Бекболатты дарға асуы баяндалған.
1916 ж. Жетісуда болған ұлт-азаттық көтерілістің ауызша тарих айту дәстүрінде көрініс табуын академик К. Нұрпейіс былай деп баяндайды: "Қыркүйек пен қазан айының басында Жетісу көтерілісшілері жеңіліс тапты, олардың айтарлықтай бөлігі күші басым жазалаушылармен табан тіресе шайқаса отырып, батыс Қытайдың Шыңжаң өлкесіне өтуге мәжбүр болды. Қытай ауып кеткендердің көпшілігі шекаралық өңірді мекендеген Ұлы жүздің Албан, Суан, Орта жүздің Найман, Керей тайпаларының, қырғыздардың албандармен жапсарлас қоныстанған Бұғы тайпасының 300 мыңнан астам өкілдері еді. Қанды оқиғалардың куәгерлері болған Албан тайпасынан шыққан Көдек Маралбайұлы, Бөлтірік Атыханұлы, Әбен Атамқұлұлы сынды ақындардың халықтың жадында жатталып, кейінгі ұрпақтарға жеткен өлең-жырларында сол кездің тарихи шындығы тайға таңба басқандай суреттелген. Бөлтіріктің "Ел жарыла көшкенде" деген жырында:
Сойылы бар батырдың
Талайын атқан оқпенен,
Жапалақтай жығылған,
Сай-салада тығылған.
Қызыл жоса,қырман боп,
Қырылдық жаман шыбыннан.
Албанның қасқа қайсары
Серікбай, Ұзақ, Жәмеңке -
Бәрі он екі кісі еді,
Қарақолға бет алып,
Қара жолмен шұбырған, - деп жырлаған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

e-history. kz интернет мәліметтері бойынша
Көшкінбаев. О. І. "Ақмола облысындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы құжаттық деректер". "Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары" журналы. 3-2012. 29-39 б.
"Астана

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: