ей әсер етті. Жер-жерде наразылықтар көбейді. Патша жарлығының қатаңдығы және жергілікті жерлерде оны жүзеге асырудың әділетсіз әдістері түңілуге дейін жеткізген, қолына түскенімен қаруланған еңбекшілер патша өкіметінің өкілдеріне: болыс басқарушыларына, ауыл старшындарына, полицейлерге, казактарға, шенеуніктерге бас салып "адам бермейміз!" деп айқайлап, оларды ұрып-соқты
. . . Біреу олай сөйледі,
Біреу былай сөйледі:
-Баланы қолдан бергенше,
Қасірет, қайғы көргенше,
Патшаға қарсы тұрамыз.
Өлсек, шәйт боламыз, -
деп серттесті.
"Бекболат" жырында қазақтардың жарлықты орындамауға бел байлаған шешімдері жайында патша ұлықтарының Жетісу облысының әскери губернаторы М. Фольбаумға баяндағаны былай көрсетілген:
"Сұры жаман қазақты",
Көздерімен көргенін,
Патшаға жігіт бергенше,
Жақсы көрер қырылып,
Өз жерінде өлгенін,
Жолықты бізге көп қазақ,
Жайнаған оттай шоқ қазақ.
Ауыл сайын біз бардық,
Ықыласы жоқ қазақ.
Палбаум,тақсыр,жанарал!
Қазақ әскер бермейді,
Бұл сөзіме құлақ сал.
Қанға былғар қолдарын,
Беруге қимай ұлдарын,
Көзім көрді көп қазақ
Баталасып тұрғанын
Қарулары сақадай жазалаушылардан көтерілісшілер жеңіліп, Бекболат және басқа да көтеріліс басшылары қолға түседі. Бекболат бар күнәні өз мойнына алады. "Көтерілістің басшылары, бірінші кезекте Б. Әшекеев қиын міндетті шешуге тиіс болды: не Қытайға кету керек еді, онда патша жендеттері олардың туыстарын жазалай бастайтын еді, не туыстары мен ауылдастарын құтқару үшін патша жендеттерінің қолына өз еркімен беріліп, бүкіл кінәні өз мойнына алуы қажет еді. Бекболат соңғысын таңдады"
. . . Қазақтан талай кісі шығын болды,
Жүз елу жылқы жауға тығын болды.
. . . Әуелі Бекб
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>