ары дамытылады.
Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлері:
ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс сабақтары, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, конкурс-сабақтар, фантазия-сабақтар, концерт-сабақтар, экскурсия және т. б. сабақтар пайдаланылады. Өзін-өзі тануды оқыту процесінде бірқатар әдістемелік тәсілдер қолданылады. Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс әрекеттер алған білімдерін күнделікті өмірде практикалық түрде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуге белсенді қатысуды қарастырады.
Өзін-өзі тану процесінде мұғалімнің рөлі айрықша, өйткені ол қазіргі оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, психологиялық білімдерін, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық процесті дербес құра алу білігін жетік меңгерген болуы тиіс. Өзін-өзі тану мұғалімі сабақта жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін оқытудың әртүрлі дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін, интерактивті нысандары мен әдістерін қолданады.
Балаларға деген махаббат, әрбір баланың ерекшелігін құрметтеу, шыдамдылық, «ізгі ақыл» мен «жылы жүрек» - қоғамға қызмет етудің үлгісі болып табылатын өзін-өзі тану педагогының ең басты қасиеттері.
Өзін-өзі тану мұғалімнің құндылыққа бағдарланған бағыттылық әрекеті оқушылардың білім алуына, даналықты, адамзаттың мәдени жетістіктерін ұғынуына, өзара түсінікті және қоғамның барлық мүшелерімен жағымды қарым-қатынас жасауды үйренуіне мүмкіндік береді.
Мұғалім әрбір стденттің ерекшелігін ескере отырып, балалардың қоршаған ортада өзінің жеке тұлғалық «Менін» жете түсіну процесіне көмектеседі. Ол дайын білімдерді жеткізуші емес, студенттердің өмірлік маңызды іскерліктер мен дағдыларды игеруге жетелейтін өзін-өзі тану
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>