Өзін-өзі тану пәні - адамгершілік негізгі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ынды. Сара Алпысқызының өркениетке өріс алған еліміздің дамуына деген зор сенімі,ертеңгі өскелең өрендерімізге деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге өзін-өзі тануды алып келеді.
Өзіңді-өзің тану деген - өзіңді қоғамдық, әдепті тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән әдептіліктің негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер – объективтік құбылыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арсындағы айырмашылық салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың мәні неде екенін білген дұрыс. Егер адамдар жақсылықтың да, жамандықтың да не екенін, олардың табиғатын түсініп, білетін болса, онда олар еш уақытта жамандыққа бармас еді. Жамандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын құбылыс. Олай болса, әдепсіздік дегеніміздің өзі – танып білмеудің салдары.
«Өзін-өзі тану» пәнінің ең басты ерекшелігі- адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерді жас ұрпақтардың бойына сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағылым етіп дарыту .
«Өзін-өзі тану» пәнінің басқа пәннен ерекшелігінің өзі де осы.


Æ
$
Адамгершілік құндылықтар әрбір жасқа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Өзін, өзге адамдарды тану,қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан бала ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла түсетін, формальды емес, сенімді жағдайда өтеді.
Өзін-өзі тану сабақтарында мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-қатынас әлемі зерттеледі, өмірлік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдыл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: