Әзілхан Нұршайықовтың «Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес» тақырыбында жастарға арналған екі сөзі негізінде ұйымдастырылған ашық тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері
1. Ақпараттық құзыреттілік: Тәлім-тәрбие туралы жазылған еңбектермен таныстыру, абыз жазушының өмірі және қаламгерлік жолынан хабардар ету.
2. Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі: Санасында сәулесі бар жастарға қаламгердің тағлымды сөздерін жеткізу.
3. Коммуникативтік құзыреттілік: Алған ақпаратты өмірде пайдалана алу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбие сағатының әдісі: сөздік, пікірталас
(Аудитория тақырыпқа сәйкес безендірілген, проектор құрылған)
1-жүргізуші:
Армысыздар аяулы ұстаздар мен қадірлі студенттер! Жүрек сөзін ағынан жарылып, ашық айта алған абыз , қаламы қарымды жазушы Әзілхан Нұршайықовтың жастарға арналған екі сөзін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Қазақ халқы бағзыдан бері қыз бен ұл тәрбиесіне ерекше мән берген. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз. Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп бекер айтпаса керек.
Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көргенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие ұлдар жау келгенде де жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой.
1-жүргізуші:
Әдептілік, инабаттылық, сыйласу жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Бір өкініштісі: ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіріп қарайтын жастарымыз бар. Абыз аға Әзілхан Нұршайықов 1972 жылдың 30 қазанындағы Алматы ауылшаруашылық институтының студенттерімен болған к
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>