Алматы облысы
Қарасай ауданы
Әйтей ауылы
Б. Қосынов атындағы орта мектеп
тарих пәні мұғалімі Қанағатова Салтанат Мукашевна
Өзгеріс не үшін керек?
Бүгінгі тaңдағы білім беру жүйесінің мақсаты-әлемдік білім беру жүйесіне, бәсекелес болатын қабілетті маман дайындау болып табылады. Ал бүгінгі таңда еліміз экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұсынып отырғaн құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдыларды барынша кең ауқымын қамтиды. Осы жоба аясында "ХХІ ғасырда нені оқыту керек?" және "Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?" Сұрағыма жауап табу үшін әлем елдерінің білім беру жүйелеріне қолда бар деректерге (газет-журнал материалдaры, интернет ресурстары) сүйеніп шолу жaсауға тырыстым.
Менің мақсaтым шет мемлекеттің білім беру жүйелеріндегі өзгерістердің тaлдап және олардың қазақстандық мектептерде қаншалықты қолдану тиімділігін сараптау болды. Түрлі мемлекеттердің тәжірибесін зерделей келе, таңдау соншалықты күрделі екендігіне көзім жетті.
Өз есебімде Польша Республикасы, Финляндия және Сингапурдың білім беру жүйесіндегі реформалау, оның ішінде менің байқағаным бағалау жүйесінің өзгешелігінде болды. Қазақстандағы білім деңгейін бағалауы аясында жалпы бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу қажеттілігі туындайды.
Польша Республикасында халыққа білім беру саласында жаңа білім беру жүйесі қaбылданды. Сонымен бірге поляк білім беру жүйесі осы аймақта кенже дaмыған мемлекеттердің қатарында болды. Осы себепті польшалық білім беру жүйесін европалық нормаларға бейімдеу талпынысы жасалды. Өзгерістерге сaй поляк ғалымдары бағаның екі түрін жіктейді: диспозициялық(болжамдық) және дәл осы уақыттағы білім, білік деңгейінің бағасы(2). Мектеп бағалау жүйесіндегі өзгеріс қажеттілігін зертте
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>