ам және бақа қанының қайсысы оттекті көп тасымалдай тынын ойланып айтыңдар. Неліктен?
Күні Зертханалық жұмыс 9
Тақырыбы: Мөлшерлі жүктемеге дейінгі және одан кейінгі тамырдың соғуын есептеу.
Мақсаты:
1. Тамырдың соғуын есептеуге үйрену.
2. Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүрек жиырылуының жиілігін анықтауды үйрену. Оңын әртүрлі жағдайдағы жұмысының ерекшеліктері туралы қорытынды жасау.
Керекті құрал-жабдықтар: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер.
Жұмыс реті
1. Оқулықтағы 37-параграфты оқыңдар. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: тамырдың согуы деген не? Оны қалай және қайдан анықтауға болады? Неліктен тамырдың соғуын адам денесінің сол жерінен табуға болатынын түсіндіріңдер.
2. Кәрі жілік сүйегінің білезік маңынан тамырдың соғуын есептеуді үйрендер.
3. 1-минуттағы: а) отырып; ә) тұрып; б) 10 рет отырып тұрғаннан кейінгі тамырдың соғысын санаңдар.
Тыныштық күйде (отырғанда)
Қозғалыссыз (тұрғанда)
10 рет отырып, тұрғаннан кейін
Күні Зертханалық жұмыс 10
Тақырыбы: қан кеткенде алғашқы көмек көрсету
Мақсаты:
1. Жгут салуды үйрену.
2. Қан тамырлары жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы білімдеріңді пайдаланып, артериялық және веналық қан кету кезінде жгут салып үйрену әрекетін түсіну. керекті құрал-жабдықтар: созылғыш дәке, қысатын таңғыш, бұрайтын таяқша, әртүрлі созылғыш жгут, жай бинт, йодтың спирттегі 5-дық ерітіндісі.
Шартты түрде қан кетуді тоқтату үшін досыңның білегіне жгут салыңдар.
Есеп беру тапсырмасы
Өз әрекеттеріңді түсіндіріп, жгут салу ретін сипаттаңдар:
а) алдымен қан кету ретін аныңтап алу керек. Себебі
ә) жгутті зақымданған жерге салу тәртібі:
б) жгут
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>