Зерханалық жұмыстар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Биология 8-сынып
Күні Зертханалық жұмыс 1
Тақырыбы: Адам организмінің жасушалары мен ұлпаларының құрылысын микроскоп арқылы зерттеу
Жұмыстың мақсаты: дайын микрорпепараттарды микроскоп арқылы қарап, жасушалар және ұлпалардың құрылысымен танысу.
Керекті құрал-жабдықтар: микроскоп, әртүрлі ұлпа жасушаларының дайын микропрепараттары; көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары, көлденең жолақты жүрек бұлшық еті, бірыңғай салала бұлшық ет, эпителий (эпителидің әртүрлі типтері), сүйек, жүйке ұлпалары.
Жұмыс реті
1. Әртүрлі ұлпа жасушаларының құрылысының дайын препараттарын қараңдар. Құрылымдық элементтерін (мембрана, цитоплазма, ядро) табыңдар. Микроскоп арқылы көрген органоидтерін белгілеп, жасушаның суретін салыңдар.
2. Микроскоп арқылы мына ұлпаларды қараңдар:
а. көлденең жолақты бұлшықет;
ә. Көлденең жолақты жүрек бұлшық еті;
б. бірыңғай салалы бұлшық ет;
в. эпителий (әртүрлі эпителий)
г. сүйек;
ғ. жүйке ұлпалары.
Бұл ұлпалардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар тұралы қорытынды жасаңдар. Бұл ұлпалардың құрылымдық бөліктерін табыңдар. Ұлпаларда жасушалар бірдей орналасқан ба?
Органоидтерін жазыңдар. Оқулықтағы суретпен салыстырыңдар.

Көрген ұлпаларыңның суретін салыңдар.









Күні Зертханалық жұмыс 2
Тақырыбы: Тізе рефлексін зерттеу және тәжірибе жүзінде тізе рефлексін бақылау
Мақсаты:тәжірибе жүзінде тізе рефлексін бақылау.
Көрнекті құрал-жабдықтар: резеңке балға.
Жұмыс барысы. Бір оқушы орындыққа аяғын айқастырып отырады. Екінші оқушы резеңке балғамен немесе алақанының қырымен тезенің төменгі бөлігін жайлап ұрады. Осы кезде сіңір жалғамасында пайда болған қозу санның алдыңғы қабырғасының бұлшық етіне беріледі де, аяқ тізе буы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: