Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: "Өлі және тірі табиғат"
Тақырыбы/Тема: "Өзен бойымен саяхаттаймыз"
Мақсаттары/Цели:
1. Тәрбиелік - воспитательная: қоршаған ортаны қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу, балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
2. Дамытушылық - развивающая: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқыту - обучающая: Заттардың кеңістікте орналасуын анықтауды, беттестіру және тұстастыру арқылы тең және тең емес заттарды салыстыруды жетілдіру.
Педагогикалық технологиялар/пед. технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді тақта, Кюизенер таяқшалары, ыдыс ішіндегі балықтар, қармақ.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: жоғарыда - вверху, төменде - внизу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
Біз бүгін "Өзен бойына" саяхаттаймыз.
Балалар өзенге саяхатқа немен баруға болады?
-Өзенде жүзетін қандай көлік түрлерін білесіңдер?
-Балалар бізде қайық жоқ қой, ендеше біз қайықты өзіміз құрастырып алайық. Экраннан таяқшалардан құралған қайықтың суретін көрсетіледі. Кюизенер таяқшаларынан қайықты құрастыруды үйретемін.
Жарайсыңдар ба
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>