Үздік математик

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мақсаты:
Біліміділік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық: Оқушыларды топта жұмыс істеуге, өзара көмектесуге, белсенділік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, үлестірме қағаздар.
Түрі: математикалық сайыс
Әдісі: топ бойыншажұмыс.
Типі: ойын түрінде
Ойын ережесі: Сайысқа сыныптан 5 оқушы қатысады.
Сайыс барысы:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Назарларыңызға "Үздік метематик" атты математикалық сайысымызды ұсынбақпыз, ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып алуларыңызға тілектеспіз.
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп,
Айырсаң ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Есептен сайысады бар команда,
Алға озар ең мықтысы осы жолда.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділ-қазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты - дей келе, әділқазылар алқасымен танысып өтсек.
1.
2.
3.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Кезекті әр сайыскердің таныстыруына берсек.
1-ші кезең "Таныстыру" Ең жоғары ұпай 30 ұпай.
1-сайыскер: 6 "а"
2-сайыскер: 6 "а"
3-сайыскер: 6 "а"
4-сайыскер: 6 "а"
5-сайыскер: 6 "а"
Әділқазылардан "Таныстыру" бөлімінің ұпа

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: