ның қойған ұпайларымен таныс болайық.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп, сайысымыздың 5-ші кезеңі "Танграмм" бөліміне береміз. "Танграмм" - ерте заманғы Қытайдың бас қатыру есебі. Қабырғасы 20 см квадрат көрсетілген. Ол жеті бөлікке бөлінген. Олардан әртүрлі фигуралар құрастыруға болады. Карточкадан қай топ қандай сурет құрастыратынын таңдап алады. Сол бойынша фигураларды жабыстыру арқылы тапсырмаларын орындап қазылар алқасына тапсыру керек.
Қатысушыларымыз тапсырмаларын дайындап болғанша кезекті оқушыларымыздың өнеріне береміз.
ІІ.
Әділқазылар алқасының қойған ұпайларымен таныс болайық.
Сайысымыздың соңғы 6-ші кезеңі "Ғажайып алаң" бөліміне өтеміз. Бұл бөлімде әр топқа 1 минут уақыт және 6 сөз беріледі. Сол сөздерді қимылмен немесе жұмбақтап көрермендерге жасырады. 6 сөзі толық табылған топқа 50 ұпай беріледі.
Сөздер: кітап, жазу, мұғалім, карта, аю, қалам, сызғыш, қоян, орындық, мектеп, дәптер, жылқы, өшіргіш, мысық, бор, түйе, шар, доп, оқушы, түлкі, тақта, қой, парта, компьютер, нан, арыстан, сиыр, тышқан, жылан, бақа.
Әділқазылар алқасының қойған ұпайларымен таныс болайық.
Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп болғанша кезекті оқушыларымыздың өнеріне береміз.
ІІІ.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,- дей келіп бүгінгі ойынымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!!!
Страницы: << < 2 | 3 | 4